Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Үржар ауданында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

7-11-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар өңірінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру мақсатында кестеге сәйкес әр сенбі сайын ірі елді мекендерде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Аудан орталығында Барқытбел ауылдық округінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда нарық бағасынан 10-20% арзандатылған бағада түрлі өнімдер ұсынылды.

Жәрмеңкеде жылқы, сиыр, ұсақ мал етін, сондай-ақ картоп, көкөніс, сүт, нан өнімін, күнбағыс майын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік туды.

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив