Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл. Осы айтулы датаға орай Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде «Ауған ақиқаты» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында Аягөз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник Нұржан Мырзақанов сұрапыл соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің жауынгерлік іс-қимылын тілге тиек етіп, өскелең ұрпаққа патриоттық тұрғыдан сарқылмас өнеге екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған азаматтарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасатынын айтып, бөлім атынан ардагерлерге алғыс хат пен сыйлықтарды тапсырды.
Кездесу соңында құрметке бөленген ардагерлер мереке қарсаңында арнайы шақырып, марапаттаған бөлім басшылығына алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.