Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Қабанбай ауылы емханасын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

8-11-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 14 сәуірінен бастап Үржар ауданындағы Қабанбай дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС ұйымы.

Қазіргі таңда баспалдақ, су және кәріз, электр монтаждау жұмысы, шатыр мен сыртқы қксбетті, қазандық пен жылу желісін қайта жаңарту жұмысы аяқталды. Сондай-ақ,  1-ші және  2-ші қабатқа жылу беріліп, желдету, өртке қарсы дабыл жүйесі, жаңа пластик терезе орнатылды. Бұдан бөлек, емхана едені толығымен жаңартылды.

Бүгінде жұмыстың шамамен 60% орындалды. Жөндеу жұмыстарына 27 адам жұмылдырылған. Бұл нысандағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы облыс әкімдігі мен құзырлы органдардың қатаң бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив