Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Құрылыс нысандарының заңдылығы қатаң бақылауда

14-11-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жауапты басқармалар мен бөлім басшыларымен бірге Семей қаласының құрылыс нысандарын аралады.

Бірінші нысан Бейбітшілік аралындағы теміржол құрылысы болды. Бүгінде болашақ темір жолдың салынатын жері, өтетін орны нақтыланып жатыр.

«Аралдағы барлық құрылыс жұмыстары экологиялық ережелерді қатаң сақтай отырып ұйымдастырылуы тиіс. Теміржолды салу барысында барынша ағаштарды кеспей, Бейбітшілік аралының табиғи көрінісін сақтап қалуға үлкен күш жұмсау қажет», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысы барысымен танысты. Облыс әкімі өз сөзінде, құрылыстың барлық нормаларын сақтаудың, сапалы құрылыс материалдарын пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, Бақылау басқармасына (МСҚБ, еңбек инспекциясы) салынып жатқан объектілердің заңдылығын мұқият бақылауды тапсырды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыстар белгіленген нормаларға сәйкес болуы қажет және бақылау органдары осы стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив