Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөз ауданында 90 шақырым су құбырын тарту жоспарланған

20-11-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қаланы толығымен орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында екі жоба әзірленді. Жобаға сәйкес 90 шақырым су құбырын тарту жоспарланған. Биылдың өзінде қала ішінде 19 көшені қамтитын 37,5 шақырым су құбыры тартылды.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылдың 30 қарашасы деп жоспарланған. Мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС ұйымы.

Айта кетсек, Аягөз ауданында қазірдің өзінде 48 елді мекеннің 44-і ауызсумен қамтамасыз етілген, бұл елді мекендердің жалпы санының 92% құрайды. Елді мекендегі 30 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив