Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Семейде гүл сатумен айналысуға кедергі келтіргендерге Антикор араша түсті

15-02-2023, 12:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласында жүргізіліп жатқан сыртқы талдау шеңберінде  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Гүл бизнесімен айналысатын адамдар тобы 4 ай бойы жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарта алмай келген.

Семей қаласының әкімдігі дизайнның эстетикалық келбеті мен аймақ кодына сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартпаған.

Бұл ретте кәсіпкерлер Жер кодексінде көзделген барлық талаптарды сақтаған (37-бап).

Антикордың араласуымен кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жалдау мерзімдері ұзартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив