Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Shakarim university жастары лудоманияға қарсы

22-11-2023, 09:21 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университетінің «Қаракөз» студенттік театрының «Тағдыр ма? Әлде ...» қойылымы өтті. Қойылым құмар ойындарға тәуелділіктің күрделілігін ашады. Шын мәнінде елімізде лудоманияның өсу көрсеткіші жаға ұстатарлық жағдайға әкеліп отыр. Спектакль арқылы өнерпаздар білім алушыларға жаман әдеттен аулақ болуды насихаттағылары келді.

Студенттік труппаның негізгі құрамында 30-дан астам өнерпаз бар. Сахналанған қойылымға 20-ға жуық жас әртіс атсалысты. Қуантарлығы қойылым құрамында бірінші курс студенттері де өнер көрсетті.

«Қаракөз» студенттік театры жас таланттардың актерлік әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылайтын кеңістік жасайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив