Cемей-21°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Семейде 5 медициналық нысан салынады – Н. Ұранхаев

23-11-2023, 13:07 Думан Кенжеғазыұлы

Денсаулық сақтау саласында 2025 жылға дейін 10,8 млрд теңгеге 65 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады

«Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы үлгілік жобаға байлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Семей қаласында 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысан салу көзделіп отыр. Сонымен қатар Қарағайлы ауданында жеке инвесторлар есебінен емхана мен нефрология орталығының құрылысы басталды», - деді спикер.

Сонымен қатар облыс әкімі үш тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық орташа республикалық деңгейде сақталып отырғанын атап өтті. Биыл 24 926 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Қазір – 23 589 орын ашылды. Жоспар 95%-ға орындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив