Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«Жастар» бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

29-11-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Жастар» бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындау үшін бөлінген қаражат туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда.

Мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) атынан «Жастар» бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы жалған ақпарат таратылуда. Белгісіз адамдар тағайындалған қаражатты аудару үшін телефон нөмірге қоңырау шалуды немесе сілтемені басуды ұсынады.

Еңбекминінің қызмет бағыты бойынша аталған бағдарлама да, әлеуметтік көмектің мұндай түрі де жоқ екенін хабарлаймыз.

Тиісінше, хабарламада көрсетілген нөмір немесе сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге және көрсетілген нөмірге қоңырау шалмауға кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив