Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Ақсуат ауданында спорт инфрақұрылымы даму үстінде

30-11-2023, 09:21 018.kz

Биыл Ақсуат ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында дене шынықтыру және спорт кешені ашылды. Қазіргі таңда кешенде балалар мен жастар белсенді түрде спортпен айналысып отыр.

Құрылыс алаңы - 1033,40 шаршы метр. Кешенде бокс, волейбол, жүзу, тау спорты және қол күресі бөлімі бар. Сонымен қатар, бөлімдер барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған.

Кешеннің функционалдығы әртүрлі спорт түрлерін қамтиды. Яғни кешенде бокспен 60 оқушы, волейболмен 56 оқушы, гір көтеруден 14 оқушы, жүзуден 60 оқушы, қол күресінен 28 оқушы жаттығады. Кешен аз ғана уақыт ішінде балалар мен жастардың дамуына мүмкіндік жасайтын орталыққа айналды.

Жалпы, 2023 жылы Абай облысында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Облыста барлығы 1250-ге жуық спорт кешені бар.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив