Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.83 505.66 5.4

Абай өңіріндегі маңызды меморандум

30-11-2023, 13:31 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы - Ректор Думан Орынбеков бастаған делегация «Болашақ» халықаралық стипендиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық форумының жұмысына қатысты. Форумда АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания, Швейцария, Румыния, Литва, БАӘ, Нидерланды, Грузия және Түркияның ірі университеттерінің өкілдері де болды.

Шара аясында бірқатар ЖОО арасында Меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде, Шәкәрім университеті Erasmus + еуропалық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Pamukkale University-мен екіжақты келісімге қол қойды.

Pamukkale University білім ордасының сенімді серіктесі, екі тарап арасындағы белсенді ынтымақтастық 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Жыл сайын Шәкәрім университетінің оқытушылары мен студенттері академиялық алмасу және академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде Pamukkale University-де білім алып, бірлескен зерттеулер мен оқу дәрістерін жүргізеді.

Алдағы уақытта тараптар қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ниет білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив