Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Жертөлені хостел ретінде қайта жабдықтауға тыйым салу туралы норма бұзылды – ТЖ министрі Алматыдағы өрт туралы

30-11-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

ТЖ министрі өрт болған жерді қарап шықты.

Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Жертөледе үй заттары, матрастар, есіктер жанған.

Өртті сөндіру барысында 13 адамның өлі денесі табылды. Барлық қаза тапқандардың жеке бас деректері анықталды: 9 ҚР азаматы, 2 Ресей және 2 Өзбекстан азаматы.

«Кәсіпкер жертөлені хостел ретінде қайта жабдықтауға тыйым салу туралы норманы  бұзды. Мемлекеттік органдар тарапынан хостелді ұйымдастыруға рұқсат берілген жоқ», - деді Сырым Шәріпханов.

Сонымен қатар ТЖ министрі хостелдің автоматты өрт дабылымен жабдықталғанын атап өтті. Ол өрт кезінде іске қосылған болатын. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес объект төмен тәуекел дәрежесіне жатады. Осыған байланысты, осы объектіде өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау жүргізілген жоқ.

Өрттің шығуы мен адам өлімінің себептерін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. ТЖМ жедел тобы жұмылдырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қайғылы оқиғаға кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатын болады.

­Өрттің шығуы мен адам өлімінің себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив