Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың і республикалық байқауы өтті

8-12-2023, 11:18 018.kz

Байқау мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми-техникалық, цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Абай облысынан конкурсқа Бородулиха ауданы, Жезкент кенті мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Амангельдыев Нурали өз жобасын ұсынды. Нуралидің жұмысы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты көріністері негізінде әзірленген. «Сатылмайтын Алпамыс – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауын дамыту құралы» компьютерлік ойны үздік жоба деп танылды.

Байқау қорытындысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша  Амангельдыев Нұрали  үздік жоба үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Айта кетейік, алғаш ұйымдастырылған байқау 25 қазаннан бастау алды. Республикалық кезеңге елімізден 20-ға жуық қатысушы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Финалдық кезең 2023 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды ​​қаласында өтті.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив