Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы бастау алды

4-10-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар конкурсы басталғанын хабарлаймыз.

Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

- қоғамдық бақылау;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Конкурстың финалдық кезеңі 2023 жылды 1 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2023 жылы 10 қарашаға дейінгі мерзімде konkurs1424@mail.ru электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты
8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06 телефон арқылы алуға болады.

Осыған орай, аталған конкурс туралы ақпаратты барынша жарықтандырып, атқарылған жұмыс туралы а.ж. 6 қазанға дейін хабарлау қажет.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив