Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

8-12-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Сауда жəне интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкіметтің қаулысына өзгерістер әзірледі.

Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.

Осылайша Қазақстанның бүкіл аумағы 5-сағаттық белдеуде орналасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив