Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан Елшісі Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

8-12-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара «Istana Merdeka» (Тәуелсіздік сарайы) Президент сарайында өтті.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Индонезия Президентіне Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемін жеткізіп, қазақстандық-индонезиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға ниетін білдірді.

Президент Джоко Видодо 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубайда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстанның басшысымен кездесуін жылы лебізбен еске алып, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыстар тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив