Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Алжир ынтымақтастығының келешегі талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Камал Финишпен кездесті.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды. Өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында тараптар үкіметаралық комиссия құру қажеттігін атап өтті.
Тараптар жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретін жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тараптар инвестицияларды ынталандыру және қосарланған салық салуды болдырмау саласындағы келісімдерге қол қою мүмкіндігі бойынша пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялардың келесі раундын 2024 жылдың басында өткізуге уағдаласты.