Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы мәслихатының он бірінші сессиясы өтті

13-12-2023, 14:22 018.kz

Абай облысы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, басқарма басшылары, депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту, Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына өзгерістер енгізу, әлеуметтік маңызы бар жолдаулардың тізбесін анықтау мәселесі қаралды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы шығарылып, мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жыл басынан бері мәслихаттың 11 сессиясы, оның ішінде 2 кезекті және 8 кезектен тыс сессия өткізілді. Депутаттық корпустың маңызды қадамының бірі Жарма ауданында өткен көшпелі сессия отырысы болды. Нәтижесінде 77 құқықтық актінің шешімі қабылданды, оның 17-сі нормативтік сипатта. Сондай-ақ жеке кездесулерде 677 мәселе қаралып, 15 депутаттық сауал және 30 өтініш жолданды.

Сессия барысында облыстық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары да айқындалды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив