Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту бойынша пилоттық жоба іске қосылды

15-12-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің 4 өңірінде «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды QH оңалту» пилоттық жобасын іске қосу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл жоба мүгедектігі бар балалар санының, әсіресе жүйке жүйесінің аурулары мен тірек-қимыл аппаратының бұзылулары бар балалар санының динамикалық өсуі тұрғысынан өзекті болып табылады. Оны іске асыру үйде мүгедектігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ олардың оңалту әлеуетін арттыруға бағытталған.

Пилоттық жоба 4 өңірді қамтиды: Абай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы. Оны жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты мекемелер базасында жұмыс істейтін Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының филиалдары іске асыратын болады.

Жобаның 1-кезеңі шеңберінде 4 филиалда оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ) іріктеу үшін бөлімшелер ашылды, онда оларды пайдалану, сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен олардың заңды өкілдері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту жүргізілетін болады. Демонстрациялық залдар ОТҚ-ның әртүрлі модельдерін ұсынады.

 Екінші кезеңде филиалдардың көпсалалы командалары мүгедектігі бар балалардың функционалдық жай-күйі мен қоршаған ортасын бағалауды жүргізеді, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде оңалтудың техникалық құралдарын таңдайды. Оқытудан кейін ұсынылған ОТҚ әр баланың жағдайына байланысты белгіленген курс кезеңінде үйде оңалту жүргізу үшін балаларға өтеусіз жалға беріледі.

Жобаны іске асыру мүгедектігі бар балаларға қоғам өміріне барынша толық қатысуға мүмкіндік береді және олардың дербестігін арттырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив