Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында жастар форумы жалғасуда

16-12-2023, 10:54 018.kz

Облыс аудандарында жастар форумы өткізіліп жатыр. Іс-шараға белсенділер, ерікті жастар, қоғам қайраткерлері және жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Бородулиха ауданында жиын өткізіліп, онда қазіргі жетістіктер мен мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жастар арасындағы волонтерлік қызметтің рөлі атап өтілді.

Форум барысында биыл ерекше көзге түскен жастарды марапаттау рәсімі өтіп, оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ Бесқарағай ауданында «Біздің №1» форумы өтті. Форум мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, жастарды қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне тарту.

Форум аясында жас әншілер мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан әкімінің сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив