Жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормалары бекітіледі
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрық жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт жеке құрамды қамтамасыз ету үшін жаңа жиһаз бен казармалық мүкәммал сатып алуға көзделген бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ құжат пайдалану мерзімдерін бекітіп, қызмет өткерген мүлікті уақтылы есептен шығаруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14876105
Тағыда оқыңыз
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы құжат дайындалдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚорғаныс министрінің кейбір бұйрықтары күшін жоядыҚорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледіЖер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларына өзгеріс енгізіледі