Қазақстанда MediaLab журналистика орталығы ашылды
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған.
"Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумда біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне соның орайы бүгін келіп отыр. "MediaLab" орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді",- деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.
Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады.
Қорытындыда министрлер білім және ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Сайлау 2023: Ақпараттық хабарламаПРОФЕССОР АЙМАН ТОҚСАМБАЕВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ, ҒАЛЫМДЫҚ КЕЛБЕТІ«Табысты Отбасы» жобасының екінші ағымына қатысушылар республикасының төрт облысында сертификаттар алдыМинистрлермен және әкімдермен кездесулер кезінде азаматтар 1,5 мыңнан астам проблемалық мәселені көтерді