Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Бердібек Сапарбаевқа "Еңбек ардагері" медалі табыс етілді

17-02-2023, 14:01 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесі туралы айтып берді.

Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде республиканың 5 өңірін басқарды, екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев Еңбекминінің жас қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевқа "Еңбек ардагері" медалін табыс етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив