Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

«Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі» әлеуметтік зерттеуінің 2023 жылғы қорытындысы

27-12-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңына сәйкес «Іскерлік ахуал» рейтингін тұрақты негізде дайындау және жүргізу жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы жүргізілген зерттеу саны бойынша алтыншы болып табылады. Зерттеудің мақсаты сауалнамалық және статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстан аймақтарындағы бизнесті жүргізу жағдайларын талдау және салыстыру болып табылады.

А.ж. 19 маусымы мен 11 тамызы аралығында жұмысқа ӨКП өкілдерін белсенді тарту арқылы бүкіл ел бойынша жиырма бес мыңнан астам респондентті қамтыған сауалнама жүргізілді.

Биылғы жылы сауалнама онлайн форматта жүргізілді, бұл сауалнама деректерін жылдам жинауға мүмкіндік берді.

Зерттеу бір мезгілде  3 бағытта жүргізілді, атап айтқанда:

1. Жұмысқа қабілетті ересек тұрғындар арасынан 2000 респондентке (18-ден 64 жасқа дейін) халықтың бизнесті ашу үшін жағдайларды, мүмкіндіктер мен кедергілерді қабылдауын, сондай-ақ бизнесті ашу уәждерін және пилоттық режимде азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды зерделеу үшін онлайн сауалнама жүргізілді.

2. Жұмыс жасап тұрған бизнес субъектілерінің 23 697 респондентімен онлайн сауалнама жүргізілді. Бастапқы деректерді өңдеу қорытындылары бойынша 23 620 респондент жауаптарының нәтижелері Қазақстан өңірлеріндегі бизнес жағдайларын одан әрі талдау және салыстыру үшін пайдаланылды.

3. Ірі бизнес өкілдерімен 40 сараптамалық сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық статистикалық бюросы, жергілікті атқарушы органдар және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұсынған статистикалық деректердің негізінде бизнесті жүргізу жағдайлары талданды.

Зерттеудің толық қорытындысымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив