Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Әлихан Смайылов Qarmet бойынша өзекті мәселелерге қатысты қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды

28-12-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа инвестор мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Qarmet компаниясының қызметі бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында кәсіпорында желтоқсан айында өндіріс көлемінің артқаны атап өтілді. Ферроқорытпа қоры мен көмір қоры өсті. Дайын өнімді жөнелту қайта жанданды.

Кәсіпорын қызметін тұрақтандыруға 28,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Еңбекақы уақытылы беріліп, салық төлемдері, сондай-ақ МӘМС төлемдері жүргізілді. 

Отырыс барысында қатысушылар комбинатты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, дайын өнім экспортын қолдау шараларын қамтамасыз ету, салық салу, анықталған экологиялық бұзушылықтарды жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

2024 жылы Qarmet алдындағы негізгі міндеттер қатарында – жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасасу және өнімсіз шығындарды азайту, т. б. арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері бар.

Жалпы жаңа бизнес-модель аясында алдағы жылдары өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру, қауіпсіздік көрсеткіштері мен экологиялық жағдайды түбегейлі жақсарту (атап айтқанда, газға көшу), шығарылатын өнім номенклатурасын қайта қарау және т. б. шаралар қабылданады.

Премьер-Министр мемлекеттік органдар тарапынан комбинаттың өзекті мәселелерін шешуде қажетті қолдау көрсетуі керек екенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов бір апта ішінде ең басым міндеттер бойынша қажетті шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив