Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.05 542.99 5.98

Shakarim University оқытушылары жылдың үздіктері

28-12-2023, 12:00 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО үздік оқытушысы – 2023» байқауының нәтижесін шығарды. Байқауға жоғары оқу орындарының штаттағы, үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл, оқытушылық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар оқытушылар қатысты. Шәкәрім университетінен 6 үміткер қатысып, оның 5-уі аталған байқаудың жеңімпазы атанды. 

«ЖОО үздік оқытушылары – 2023» номинациясының иегерлері:

  • Какимова Жайнагүл Хасенқызы- техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
  • Абылкасимова Жібек Ануарбекқызы - PhD доктор, «Экономика және қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Абильмажинов Ермек Төлегенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор;
  • Абдилова Ғалия Бекенқызы - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
  • Жумадилова Гүлмира Аманғазықызы- PhD, «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі.

Айта кетерлігі, ShakarimUniversityпрофессор-оқытушылар құрамы жыл сайын байқауға қатысып, жеңімпаз атануда.

«ЖОО үздік оқытушысы - 2023» байқауының барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив