Абай облысының оқушысы инкубаторда бөдене балапанын шығарды
Аягөз ауданындағы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Айгерім Ержанқызы автоматтандырылған инкубатор арқылы бөдене балапандарын шығарды. Оқушы Аягөз өңірінде бөдене жұмыртқасы мен етін пайдалануды инкубатор арқылы көбейтпек оймен заманауи жабдықтарды пайдалану арқылы үй жағдайында инкубатор құрастырған. Қарапайым инкубаторға Arduino бағдарламасын құрып автоматтандырған. Инкубатордағы температура мен ылғалдылықты анықтайтын датчик орнатқан. Ішіне 20 жұмыртқа салып, оны оқушы 17 күн бақылаған. Нәтижесінде 5 балапан шығарды.
Айгерім жетекшісімен бірге көлемі 500 жұмыртқа сыйымдылығындай инкубатор құрастырып автоматтандыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ балалар ағзасына еш аллергиялық әсері болмайтынын анықтап, мектеп оқушыларының ас мәзіріне 1-2 бөдене жұмыртқасын пайдалануға кеңес беріп жүр.
Жетекшісі: Садуакасова Қаламқас Серикжановна, биология пәні мұғалімі.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі