Cемей33°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚМА тергеуінен кейін араласуымен Жамбыл облысында 700 млн теңгеден астам салық төленді

28-12-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бюджетке салық төлеуден жалтару фактілері бойынша екі қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеді.

Тіркеулері жойылып, сот шешімімен мәмілелер жарамсыз деп танылған сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысу нәтижесінде жосықсыз салық төлеушілер екі жағдайда мемлекет бюджетіне 470 млн және 240 млн теңге төлемеген.

Мемлекетке 710 млн теңгеден астам залалды толық өтеу нәтижесінде қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Салық төлеуден жалтару қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив