Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Шәкәрімдік ғалымдар марапат төрінде

30-12-2023, 09:21 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Шәкәрім университетінде кеңейтілген Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына университет басшылығы, ғылыми кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Отырыста Басқарма төрағасы Думан Орынбеков ағымдағы жылды қорытындылап, 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде Шәкәрім университетінің даму бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Индира Оралканова Ғылыми кеңесі қызметінің ережесін бекіту және «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Ғылыми кеңесінің 2023-2024 оқу жылына жұмыс жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелерін сөз етті.

Жиын барысында бірқатар оқытушылар мен мамандар марапаттарға ие болды. «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Рахметуллин Еркін саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде зерттеулер жүргізуде. Осыған байланысты ғалым ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Медиа орталықтың маманы Мақсат Жарқынұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің, «Психология және педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Мейрамгүл Джанбубекова ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е.Дәуеновтың Алғыс хатын иеленді.

Бұдан бөлек, «Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасы», техника ғылымдарының докторы Ермек Абильмажинов «Профессор» дипломын, «Экономика және қаржы» кафедрасы, PhD докторы Жібек Абылкасимова, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасы, техника ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Төлеубекова және «Технологиялық жабдықтар және машина жасау» кафедрасы, техника ғылымдарының кандидаты Галия Абдилова қауымдастырылған профессор атағын иеленді. PhD дипломы Акишева Дана мен Сембаев Талгатқа табыс етілді.

Сонымен қатар, «Физика-математика ғылымдары және информатика» кафедрасының оқытушысы Дауржан Кенбаев «Бейбіт атом» байқауының жеңімпазы атанды.

Бүгінгі барша марапат иелерін жеңістерімен құттықтай отырып, тек сәттілік тілейміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив