Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын орындап жатыр – Әлихан Смайылов

29-12-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау саласында биыл қабылданған шаралар туралы айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толығымен орындап жатыр. Жалпы бюджеттің жартысынан астамы осы әлеуметтік бағытқа бөлінуде.

«Биыл зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің барлығы өсті. Бұл 4,5 млн адамды қамтыды, оған 4,6 трлн теңге бөлінді. Мемлекет көмекке мұқтаж адамдарды, оның ішінде асыраушысынан айырылғандарды, көп балалы аналарды қолдап отыр. Жыл басынан бері 1 млн-ға жуық адамға әлеуметтік қызметтер проактивті түрде көрсетілді және біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 3 млн-нан астам адамның, оның ішінде мұғалімдердің (25%-ға), дәрігерлердің (30%), азаматтық қызметшілердің (20%) және т.б. жалақысын көтеру процесі жалғасын тапты.

943 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 70%-ы – тұрақты жұмыс орындары.

«Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінді. Оны тұрғындар өз кәсібін дамытуға, техника алуға, мал өсіруге және т.б. жұмсай алады. Келесі жылға да осынша қаражат қарастырылған», — деді Премьер-Министр. 

Сондай-ақ, Үкімет басшысының сөзінше, алғаш рет өз бизнесін ашуға бел буған жастар жеңілдетілген несие алды.

Оған қоса еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болды. Осыған байланысты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау үшін Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды.

«Білім және денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер орын алды. Биылдан бастап 1,5 млн оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 180 мың студенттің стипендиясы артты, гранттар саны да өсті, жатақханалар мәселесі кезең-кезеңмен шешімін табуда», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, жыл басынан бері 165 мектеп, 90 медициналық мекеме салынды. Олардың көбі ауылдық жерлерде орналасқан. Оған қоса «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары іске асып жатыр.

«Жалпы  халықтың әл-ауқатын арттыру үшін Үкімет жүйелі жұмысты жалғастырады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив