Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
476.97 562.59 6.27

Қазақстанның әскери теңізшілері Пәкістандағы бірқатар іс-шараларға қатысты

17-02-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Қарулы күштер Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Данияр Хайрушевтің басшылығымен Пәкістанға барды.

Қазақстандықтар Пәкістан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы адмирал Мұхаммед Амджад Хан Ниазидің шақыруымен AMAN-2023 көпжақты әскери-теңіз жаттығуына бақылаушылар ретінде қатысуға Қарашиге келді.

«Бейбітшілік үшін бірге» ұранымен өткен жаттығуға жүзден астам елдің өкілдері шақырылды. Аталмыш оқу-жаттығулар елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға, кемелер қарқынды қатынасатын аудандарда және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде теңіз қарақшылығынан келетін қауіп-қатерлерін тойтару бойынша әскери теңізшілер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.

Сапар барысында қазақстандықтар әскери-теңіз өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорындардың жаңа технологиялары мен әзірлемелері қойылған I Халықаралық теңіз көрмесіне барды. Кәсіби тәжірибе алмасу тұрғысынан PIMEC-2023 халықаралық конференциясының да пайдасы зор.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив