Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді

6-01-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат саласы бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері және құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт министрліктерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, Орталық коммуникациялар қызметінің және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшылары қатысты.

Кеңес барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген сұхбатында айтылған басым бағыттарға сәйкес ішкі саясат саласында қызмет ететін құрылымдардың негізгі міндеттерін айқындады.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын ұйымдастыру және оны мазмұн тұрғысынан толықтыру, Наурыз мейрамын жаңа сипатта мерекелеу, Қазақстан тарихының жаңа академиялық жинағын әзірлеу жұмыстарын аяқтау, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, басқа да айтулы іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтау мәселелеріне бөлек тоқталды.

Жиын соңында Ерлан Қарин құзырлы мемлекеттік органдарға ішкі саясат бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив