Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Көлік министрлігінде цифрлық трансформациялау қағидалары талқыланған отырыс өтті

6-01-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Цифрлық трансформация жөніндегі жұмыс тобының ағымдағы қызметін түсіндіру мақсатында ҚР Көлік вице-министрі М.Қалиақпаровтың төрағалық етуімен отырыс өтті. Жұмыс тобының құрамында Көлік министрлігі, ЦДИАӨМ, Цифрлық үкіметті қолдау орталығы, «Атамекен» ҰКП, KAZLOGISTICS, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы, сондай-ақ көлік саласындағы басқа да ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері бар.

Отырыс барысында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары шеңберінде министрліктің функцияларына реинжиниринг жүргізу үшін құрылған жобалық команданың жұмысы таныстырылып, цифрлық трансформациялау мәселелері, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша деректерді цифрландыру, министрліктің азаматтармен, бизнеспен, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетігін жеңілдету үшін барлық функцияны қайта қарау бойынша бірқатар тапсырма берілді. Осылайша, 2023 жылы министрлікпен авиация, автомобиль жолдары, автомобиль, теміржол және су көлігі салаларындағы 24 бизнес-процеске, оның ішінде 16 функцияға және 8 мемлекеттік қызметке реинжиниринг жүргізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив