Бородулихада аудандық сот ғимараты қайта жаңғыртылады
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына сапары аясында облыстық соттың төрағасымен бірге аудандық сот ғимаратына барып, қазіргі жағдайымен танысты. Кездесу барысында қызметкерлер өз кезегінде халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Мысалы, Бородулиха аудандық сот ғимаратында: сот залдары, медиация бөлмелері жеткіліксіз, ал адвокаттар мен прокурорларға арналған кабинет мүлде жоқ. Сондай-ақ, жылыту жүйесі және шатыр мәселесі де көтерілді.
«Аудандық сот ғимаратының іргетасы өте жақсы, ең бастысы қолайлы әрі үлкен аумақта орналасқан. Иә, нысан жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімдігі қайта жаңғырту жұмыстарына қолдау көрсетеді», - деді облыс әкімі.
Анықтама: ғимарат 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта мұнда 7 қызметкер жұмыс істейді. Нысанда 13 кабинет бар.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ