Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Семейде жолдарды қардан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде

8-01-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдарды себуге 100-ге жуық техника мен 80-нен жұмысшы жұмылдырылды. Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды.

Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекороторлар, тиегіштер бар. 

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады. 

Қар шығаруға қатысты немесе басқа да сұрақтарыңыз болса WhatsApp нөміріне +7 (700) 718-71-60 жаза аласыздар. Барлық мәселелер қала әкімдігінің толық бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив