Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семей қаласында транспортерлік таспа өртенді

9-01-2024, 14:59 018.kz

2024 жылдың 09 қаңтар күні сағат 12:59-да өрт сөндіру қызметіне Цемент зауытының аумағында өрт болғандығы туралы хабарлама түсті.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің келуімен ақпарат расталды. 

Барлау барысында әктас беру галереясында транспортер таспасы жанғаны анықталды.

Өрт орнында дереу өртті жою жөніндегі жедел штаб құрылды, сондай-ақ сөндіруге арналған 3 жауынгерлік учаскісі анықталды.

Сөндіру өрт сөндіру автоцистерналарының 3 автосаты мен лафеттік оқпандарын қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Өрт 390 шаршы метр аумақта оқшауланды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Абай облысы ТЖД күшімен галерея астында орналасқан жабдықтарды жөндеу цехынан 50 литрден 9 газ баллоны шығарылды.

Өрттің себебі анықталуда.

Сөндіруге жеке құрамның 47 адамы, 13 бірлік техника және 1 ГТҚҚ жұмылдырылды.

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!

Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112» нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив