Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады

9-01-2024, 18:19 018.kz

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

10 қантарда Абай облысында түнде облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Оңтүстік – шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз 10, түнде 11 қантарда облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында,орталығында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Семей қаласында 10 қантар күні күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с.

Осыған байланысты Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!

Сондай-ақ жедел ақпаратты Сіз «Darmen» мобильді қосымшасынан біле аласыз, ол дауыл гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптілік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақтылы ақпараттардыру және хабардар етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл қосымша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын мектептердегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

«Darmen» мобильді қосымшасын Play market /darmen/ және App store /darmen/ - дан жүктеуге болады.

Жүктеп алғаннан кейін сіз өзіңіздің жеке аймағыңызды немесе қызығушылық танытатын аймақты таңдауыңыз керек және жедел ақпарат бойынша жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі

Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив