Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.88 503.61 5.24

Ақсуат ауданында жаңа балабақша ашылды

11-01-2024, 14:22 018.kz

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауданында «Асыл шәкірт» балабақшасы пайдалануға берілді. Балабақша 65 орынға арналған. Қазіргі таңда 15 қызметкер, оның ішінде мұғалімдер мен қызмет көрсетушілер жұмыс істейді.

Балабақша ғимараты үш қабаттан тұрады және жалпы ауданы 1400 шаршы метрді құрайды. Мұнда балалар кафесі, спорт залы мен клуб орталығы бар, бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Бүгінде Ақсуат ауданында 5 мемлекеттік балабақша, 4 жекеменшік балабақша және 13 шағын орталық бар. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қосымша бірнеше балабақша ашу жоспарланған.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив