Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Партиялар әділ бәсеке жүргізуге уағдаласты

18-02-2023, 17:39 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдері әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. ЖСДП бұл бастаманы қолдамады.

Құжатқа қол қоя отырып, партиялар тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет етуге, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов меморандум – елімізде адал бәсекелестікке негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам екенін атап өтті. 

«Бұл сайлау тартысты бәсекелестік жағдайында өтеді. Саяси партиялар ретінде біз сайлаушылар алдында ерекше жауапкершілік арқалап отырмыз. Көзқарасымыз әр түрлі болғанымен, еліміздің демократиялық жолмен дамығанын қалаймыз. Осыны басшылыққа ала отырып, «AMANAT» партиясы сайлау процесінің барлық қатысушысына заңға сәйкес ашық бәсеке жүргізуді ұсынды», – деді Ерлан Қошанов.

Осылайша, саяси ұйымдар бір-бірінің және өзге партиялардың атынан ұсынылған кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпауға, сайлау учаскелерінде түрлі теріс қылықтарды болдырмау үшін өзара жәрдемдесуге, үгіт-насихат кезінде заңнаманы және халықаралық стандарттарды ұстануға келісті.

Меморандумға «AMANAT» партиясынан Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық партиясынан – Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – Әли Бектаев, Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясынан – Азаматхан Әміртай, «Respublica» партиясынан – Айдарбек Қожаназаров қол қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив