Shakarim University Қысқы мектебі: ішкі көзқарас, жаңа ойлар, даму жолдары
Бүгін Shakarim University профессор-оқытушылар құрамына арналған «Оқытушының рөлін трансформациялау: педагог, ғалым, модератор» тақырыбындағы қысқы мектеп өз мәресіне жетті. Апта бойы оқытушыларға ақпараттық, тәжірибелік семинарлар, анти конференция, brainstorming, тренингтер, шеберлік сыныптар, дөңгелек үстелдер облыстық, университетаралық және факультетішілік деңгейлерде өткізілді. Атап айтқанда, «ПОҚ ғылыми әлеуетін дамыту: шетелдік ғылыми ұйымдарда озық тәжірибені игеру», «Эдвайзерлер мектебі», сондай-ақ «Білім алушылардың тәжірибесін ұйымдастыру негіздері: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» анти конференциясы. «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша филиалы профессор-оқытушылар құрамына семинар өткізіп, қатысушыларға сертификаттар табыстады.
Бұдан бөлек, «Ғылыми конкурстарға қатысу ережелері», «Web of Science, Scopus, ORCID базалары ғалымның ғылыми профилін басқару құралдары ретінде» семинарлары, «Пәнаралық ғылыми зерттеулер» Brainstorming, «Фотоколориметрді қолдана отырып, жемді зертханалық талдау», «Материалтанудағы ғылыми зерттеулердегі әдістер» шеберлік сыныптары болды.
Қорытынды шара профессор-оқытушылар құрамының жоғары оқу орнын басқару процесіне қатысты «Ұйымдастырушылық дизайн» панельдік пікірталас форматында өтті. Дәстүрлі түрде халықаралық рейтингтерде ең жоғарғы позицияларды иеленетін университеттердің жетістігі көптеген факторлармен, соның ішінде тиімді басқару жүйесімен түсіндіріледі.
Әлемнің жетекші университеттері ортақ басқару, яғни, shared governance – «университетті басқаруға қатысу» үлгісін енгізуде. Осындай еркін идеямен алмасу пікірталастары университеттегі барлық топтардың өздерін орындаушы емес, серіктес ретінде сезінуге септігін тигізеді. Бұл ғалымдардың жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу басымдықтарына, жаңа білімдерді құруға және инновацияларды дамытуға ұмтылуын ынталандырады.
Жиын соңында қатысушылардың ынтымақтастығы мен танымдық әрекеттерді дамыту мақсатында «Үш анық» интеллектуалды ойыны, көңілді сергітетін жаттығулар өткізіліп, шара Networking форматымен қорытындыланды. Академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-тәрбие мәселелеріне қатысты тиімділікті арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытатын Қысқы мектеп жұмысы оқытушыларға заманауи технологияларды, әдістемелер мен әдістерді үйренуге және қолдануға мүмкіндік берді.