Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қазақстанда халықтың қажеттіліктеріне бағалау жүргізілді

26-01-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР азаматтық қоғам істері комитеті «Десента» қоғамдық қорымен бірлесіп өңірлердегі ағымдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді анықтау мақсатында халықтың қажеттіліктеріне бағалау жүргізді.

Бағалау өңірлік сарапшылардың, белсенді қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескере отырып жүргізілгенін атап өткен жөн. Бағалау барысында сараптамалық, жаппай сауалнамалар, фокус-топтар әдістері қолданылды және іс-шаралар қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірленді.

Осылайша, өңірлердегі әлеуметтік жағдай мен алаңдатарлық мәселелер Халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінің картасында көрініс тапты.

Бағалау қорытындыларымен, сондай-ақ Мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасымен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/592683?lang=kk .

Жоба шеңберінде әзірленген ұсынымдар, сондай-ақ зерттеу қорытындылары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ арналған әлеуметтік жобаларды қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив