Абай облысының прокуратурасы 600-ден астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады
Абай облысы прокурорының орынбасары Руслан Рүстемұлы Әлішевтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кеңес отырысы өтті.
Отырысқа облыстың Кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлік басқармасының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Денсаулық сақтау басқармасының, бизнес-қауымдастықтың және басқа да органдардың өкілдері қатысты.
Мемлекеттік кірістер органдарының «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет!» пилоттық жобасын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың заңдылығы және олардың әкімшілік жауапкершілігін тартудың заңдылығы, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша кәсіпкерлер алдындағы берешегі мәселелері қаралды.
Кәсіпкерлер мен қауымдастықтар айтқан кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері қаралды.
Талдау және талқылау нәтижелері бойынша кеңес отырысына қатысушылар кәсіпкерлердің проблемалары және жағдайды түзету бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Облыстар бөлінген сәттен бастап облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне қатысты 600-ден астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, мобильді топтарға кәсіпкерлерден 135 сигнал келіп түсті, олардың 25-і расталды, нәтижесінде 30 ұсыну енгізілді, 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, 80 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат өтелді.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы мемлекеттік органдардың алдына нақты міндеттер қойып, одан әрі бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар берді.