Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бекітіледі

30-01-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурсты ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады. 

Бұл Меморандум Қазақстан Республикасының Ұлттық контингентін БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бітімгерлік миссиясына жіберудің әкімшілік, логистикалық және қаржылық жағдайларын нақтылайды.

Ұлттық контингентті жіберу туралы шешім биылғы жылдың 19 қаңтарында ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

БҰҰ миссияларына қатысу Қазақстанның Қарулы Күштеріне әскерлердің жауынгерлік дағдыларын жетілдіру үшін қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 12 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14912412 сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив