Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мәселелері талқыланды

31-01-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

«Мемсараптама» РМК-да «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы стандарттау орталығы, «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ және Қазақстанның «QAZAQ STONE» тас өңдеу өнеркәсібі одағы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Отырыс барысында білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу, сондай-ақ іске асыру шеңберінде отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелері қаралып, аталған ұлттық жоба талқыланды.

Кездесу нәтижесінде «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ-на отандық өндірушілердің өнімдерін, оның ішінде «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның Тас өңдеу өнеркәсібі одағы ұсынған «QAZAQ STONE» өнімдерін басымдықпен пайдалану мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив