Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

ҚР Ұлттық кітапханасында Бағдат Тілегеновтің кітабы таныстырылды

31-01-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға белгілі өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, фольклорлық ансамбль ардагерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

«Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» кітабына автор музыканттың қалыптасу жолы, өмірдегі белестері мен жетістіктері жайлы сыр шертеді. Кітаптың бірінші бөлімі өмір мен өнербаянға, екінші бөлімі кейіпкердің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарына арналған. Туындының үшінші бөлімінде қазақтың айтулы тұлғалары мен шетелдік әріптестерінің жылы лебіздері жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Жиында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауында түрлі әуендер мен күйлер шырқалды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қорынан Бағдат Тілегеновтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив