Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысының Үржар ауданының ерекше балалары боччадан Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды

31-01-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

«Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры және Samruk Kazyna Trust қорының қолдауымен, Астана қаласында 1-4 маусым аралығында боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен “Children Paralympic Games“ спорт фестивалі өтті.

Бұл паралимпиадалық спорт түрі бойынша ең ауқымды жарыс. Чемпионатқа 10 облыстың 21 қаласынан 350-ге жуық қатысушылары келді. Боччадан чемпионатқа Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нен 10 спортшылар қатысып, оның жасына және диагнозына байланысты төртеуі 1 орынды, төртеуі 2 орынды және екеуі 3 жүлделі орынды иеленді. Атап айтатын болсақ: Кабирова Ажар; Жасуланов Әлижан 1 орын; Азатов Ерасыл 1 орын; Бисултанова Раяна 1 орын; Берік Ақжол 2 орын; Болатбек Ердос 2 орын; Ғалым Фатима 2 орын; Сарсекова Айғаным 2 орын; Еркін Нұрәділ 3 орын; Бақтыбекова Ділдә 3 орын иеленді.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив