Президенттік жастар кадр резервінің жаңа мүшелері бірқатар лауазымдарға тағайындалды
2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің өкілдері бірқатар лауазымдарға тағайындалды.
Қуаныш Бердіхан Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің консультанты лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдау және жалпы мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Тағы бір резервші, Нұржан Баймұрзин Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаменті басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тағайындалғанға дейін аталған Агенттіктің Заң департаментінің бас маманы лауазымында болды.
Жәнібек Ерубаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының консультанты лауазымына тағайындалды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жөніндегі жедел орталықтың директоры болып қызмет атқарды.
Манат Мутан Көлік министрлігі «Қазаэронавигация» РМК ӘҚҰ жөніндегі департаменті Әуе қозғалысын жедел жоспарлау және бақылау бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тағайындалғанға дейін осы кәсіпорынның диспетчері қызметінде жұмыс істеді.
Шыңғыс Сейдалиев «КМГ Кашаган Б.В.» жеке компаниясының есеп филиалы бухгалтерияның бас маманы лауазымына тағайындалды.
Атап өту керек, Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеу 2023 жылдың желтоқсанында аяқталып, нәтижесінде 50 адам резервке қабылданды.