Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес пен жәрдемақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

2-02-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру дайындады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ескірген, тиімсіз нормаларды жою және ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Онда шығыстарды жоспарлаудың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар және құжаттаманы ресімдеуге байланысты басқа да мәселелер нақтыланған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14917030

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив