Семейде шаңғыдан қала чемпионаты өтті
Қала чемпионатына 14 жастан 16 жасқа дейінгі Семей қаласы мен ауылдық округтердің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Олар өзара бөлініп, топпен бақ сынасты.
Жарыс Красный кардон кентіндегі «Тиса» шаңғы базасында өтті. Жарыс ережесіне сәйкес ұлдар- 3 км, ал қыздар - 2 км сырағанады. Қатысушылардың саны 100-ден асады. Шаңғы жарысы 2020 жылға дейін дәстүрге айналған шаралардың бірі болған.
«Айта кетейік, карантиндік режимге байланысты бұл жарыс бірнеше жылдар бойы өтпеді. Енді биыл осы шаңғы жарысын қайтадан қолға алып, өткізіп жатырмыз. Қазір бақ сынасып жатқан балалардың ішінде қаламыздың және ауылдық округтердің білім мекемелерінен келген 100-ден астам қатысушы бар. Бұл жарыс енді алдағы уақытта, жыл сайын ұйымдастырылатын болады» - деді Семей қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б. Дюсенбаев.
Чемионатты ұйымдастыруға Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының да атсалысты. Олар қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы «Есірткіге қарсымыз» ұраны жазылған арнайы естелік сыйлықтар табыстады.
Чемпионат қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды: Ұлдар арасында 3 шақырым қашықтықта; 1 орын - Елеусізов Аят (№ 41 орта мектебі) 2 орын - Шаймуран Жанат (Ж. Аймаутов атындағы орта мектебі) 3 орын - Акауов Камиль (Қ. Сәтпаев атындағы № 2 орта мектебі)
Қыздар арасында 2 шақырым қашықтықта; 1 орын - Галузова Екатерина (Қ. Сәтпаев атындағы № 2 орта мектебі) 2 орын- Уакпаева Малика (№ 15 орта мектебі ) 3 орын – Шевченко Наталья (Талица НЖББМ)