«Ару Ана» республикалық конкурсына өтінімдер қабылданады
«Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы (бұдан әрі - конкурс) әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған
Конкурсқа Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.
Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.
Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:
- жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
- жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
- жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
- жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).
Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен (бар болса), фото және бейнематериалдармен қоса ұсынылады.
Өтінімдер 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында Семей қаласы, Т. Ұранхаев көшесі, 53 үй мекенжайында қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 87777903285, 87058538213
Қосымша
Өтінім
«АруАна» республикалық Үздік әйелдер жобалары конкурсына қатысуға
- Жоба авторының (басшысының) немесе командасының ТАӘ
- Жобаның бағыттары:
Агробизнес саласындағы үздік жоба.
Үздік IT жобасы
Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба
Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер).
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба.
Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба.
Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба.
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы.
Үздік әйел кәсіпорын басшысы.
Әйелдер құқығын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ және басқалар.
- Жобаның атауы
- Жобаның сипаттамасы (5-7 ұсыныстан артық емес)
- Жобаның мақсатты аудиториясы.
- Жобаның әлеуметтік маңыздылығын сипаттау.
- Растайтын құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар
- Жоба авторының (басшысының) байланыстары.